2025 жылы әлемдегі ең көп сатылған көліктер: көшбасшы ауысып, нарық өсті.
2025 жылы әлемдік автонарық оң динамика көрсетті: көлік сатылымы 3,6%-ға өсіп, әлем бойынша шамамен 92 млн жаңа автокөлік сатылды.
Қытай әлемдегі ең ірі автонарық мәртебесін сақтап қалды: бір жылда 27 млн-ға жуық көлік сатылып, өсім 5%-дан асты. АҚШ екінші орнын сақтаса, Еуропада өсім аз болды. Ең жоғары динамиканы Оңтүстік Америка көрсетті — сұраныс шамамен 9%-ға артты.

2025 жылғы ең ірі автонарықтар:
-
Қытай — 26,9 млн көлік (+5,6%)
-
АҚШ — 16,3 млн (+2,5%)
-
Еуроодақ — 13,4 млн (+0,3%)
-
Шығыс Еуропа — 4,7 млн (+0,4%)
-
Жапония — 4,5 млн (+3,3%)
-
Оңтүстік Америка — 3,1 млн (+8,8%)
Жылдың басты оқиғасы — модельдер арасындағы көшбасшының ауысуы. Toyota RAV4 әлемдік сатылымда бірінші орынға шығып, екі жыл қатарынан көш бастаған Tesla Model Y моделін басып озды. Үздік үштікті Toyota Corolla толықтырды.

2025 жылы әлемдегі ең танымал 10 автокөлік:
- Toyota RAV4
- Tesla Model Y
- Toyota Corolla
- Ford F-Series
- Honda CR-V
- Chevrolet Silverado
- Hyundai Tucson
- Toyota Camry
- Toyota Hilux
- Volkswagen Tiguan