Жарты ғасырлық Cadillac жедел жәрдем көлігі 5200 км жол жүріп, Гиннестің рекордтар кітабына енді.
2025 жылдың наурыз айында 1972 жылы шығарылған винтажды Cadillac Ambulance жедел жәрдем көлігі таңғаларлық сапар жасап, жаңа әлемдік рекорд орнатты. Автокөлік Калифорния штатындағы Голливудтан жолға шығып, Флорида штатындағы Голливудқа дейін 5200 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өтті. Бұл жетістік 10 наурызда Гиннестің рекордтар кітабы өкілдері тарапынан ресми түрде тіркелді.
Бұл бірегей автосапардың бастамашылары әрі қатысушылары Калифорниядан шыққан екі энтузиас болды. Олар коммерциялық емес жедел жәрдем қызметі Symbiosis Ambulance және Axene Continuing Education командаларымен бірлесіп, жолға 1 наурызда шықты. Саяхат бір аптадан астам уақытқа созылып, команда 10 наурызда Флоридадағы межелі жеріне аман-есен жетті.
Жасы 50 жылдан асқан Cadillac Ambulance ұзақ сапардан мінсіз өтіп, ешқандай техникалық ақауға немесе зақымға ұшырамады.

1970 жылдардағы Cadillac Ambulance модельдері «аралас» автокөліктер ретінде танымал болды. Олар әрі мәйіт таситын көлік, әрі жедел жәрдем көлігі қызметін атқара алатын. Бұл көліктердің басты ерекшелігі — артқы бөлігіндегі жиналмалы орындықтар еді. Олар медициналық қызметкерлерге науқасты тасымалдау кезінде оған күтім жасауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, салонда медициналық құралдар мен дәрі-дәрмектерді сақтауға арналған шкафтар қарастырылған.
1970 жылдары АҚШ-та заңнамадағы өзгерістер мен медициналық көліктерге қойылатын талаптардың күшеюіне байланысты мұндай модельдердің өндірісі қысқара бастады. Соның нәтижесінде олар автомобиль тарихының маңызды бөлігіне айналды.
Бұл рекорд классикалық автокөліктердің сенімділігі мен ұзақ мерзімділігін, сондай-ақ автомобиль өнеркәсібінің тарихи мұрасын сақтап, көпшілікке танытуға ұмтылатын энтузиастардың құлшынысын айқын көрсетеді.