Жаңа Nissan Leaf 2026: 600 км-ге дейінгі жүріс қоры бар заманауи электрлі кроссовер
Nissan компаниясы танымал электрлі көлік Leaf моделінің үшінші буынын ресми түрде таныстырды. Жаңа модель сыртқы келбетін түбегейлі өзгертіп, енді C-класс кроссоверлер сегментіне ауысты. Автомобиль заманауи дизайнмен қатар, айтарлықтай ұлғайтылған жүріс қорына да ие болды — енді бір зарядпен 600 км-ге дейін жүре алады.

Сыртқы келбеті бойынша жаңа Leaf алдыңғы буындарынан әлдеқайда динамикалық көрінеді. Оның көлбеу төбесі бар стильді әрі ағынды силуэті, жіңішке LED фаралары және артқы есіктердегі жасырын тұтқалары бар. Кроссовер 18 немесе 19 дюймдік дөңгелектермен жабдықталады.
Автомобильдің аэродинамикалық кедергі коэффициенті небәрі 0,25. Бұл қозғалыс кезінде энергияны үнемдеуге ықпал етеді. Жаңа модель Nissan Ariya көлігінде де қолданылатын CMF-EV платформасына негізделген.

Nissan Leaf 2026 өлшемдері:
- Ұзындығы: 4350 мм
- Ені: 1810 мм
- Биіктігі: 1550 мм
- Доңғалақ базасы: 2690 мм
- Салмағы: 1789–1937 кг
Салон да айтарлықтай жаңарды — мұнда екі спицалы руль және диагоналі 14,3 дюйм болатын екі үлкен дисплей орнатылған. Мультимедиялық жүйе Google сервистерімен біріктірілген. Жүксалғыш көлемі 437 литрді құрайды, бұл отбасының күнделікті қажеттіліктеріне жеткілікті.


Жаңа электрлі кроссовер қуаттың екі нұсқасында ұсынылады:
-
Standard: 176 а.к., 345 Н∙м, 52 кВт·сағ аккумулятор, 0-ден 100 км/сағ-қа 8,6 секундта үдейді, максималды жылдамдығы — 160 км/сағ, жүріс қоры — 436 км-ге дейін.
-
Extended: 218 а.к., 355 Н∙м, 75 кВт·сағ аккумулятор, 0-ден 100 км/сағ-қа 7,6 секундта жетеді, максималды жылдамдығы — 160 км/сағ, ал жүріс қоры 604 км-ге дейін ұлғайтылған.
Автомобиль 150 кВт қуатты жылдам зарядтауды қолдайды — аккумуляторды небәрі 30 минутта 80%-ға дейін зарядтауға болады. Сонымен қатар екі бағытты зарядтау функциясы қарастырылған: автомобильді үйді немесе басқа электр жабдықтарын қуаттандыратын энергия көзі ретінде пайдалануға болады.
Жаңа Nissan Leaf моделінің әлемдік нарықтағы сатылымы биылғы күзге жоспарланған.



